Қаралауға дайынбыз,
Табалауға дайынбыз.
Кінәсі жоқ жанды да,
Жаралауға дайынбыз.
Құлатуға дайынбыз,
Жылатуға дайынбыз.
Жылап болған көзді де,
Жұбатуға дайынбыз.
Өсектеуге дайынбыз,
Кесектеуге дайынбыз.
Біреулердің жиғанын,
Есептеуге дайынбыз.
Қайда қалды хайырлы із,
Біреуге - жау, уайымбыз.
О дүниеге кім білсін,
Бұл дүниеге дайынбыз!
Торғайлық ақын - Саят Əбенов